BasNewsЖаңалықтар

Жамбыл облысында дауыл кезінде жасөспірім қаза тапты

Жамбыл облысында дауыл кезінде 17 жастағы жігіт көз жұмды, – деп хабарлайды Basnews.kz  тілшісі Хабар 24-ке сілтеме жасап.

Телеарнаның мәліметінше, қайғылы оқиға Жалпақтөбе ауылында болған. Жел кезінде жасөспірім жеке тұрғын үйдің төбесінде болғаны айтылды.

«Жас жігіт жерге құлаған. Ол жедел жәрдем келгенге дейін қайтыс болды. Айта кетейік, Таразда желдің екпіні секундына 38 метрге дейін жеткен»,- деп хабарлайды басылым.

51 адам медициналық көмекке жүгінді. Оның 10-ы ауруханаға жатқызылды, ішінде үш бала бар. Медициналық тексеруден кейін қалғандары үйге жіберілді.

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button