BasNewsЖаңалықтар
Нұр-Сұлтанда аязға байланысты бастауыш сынып оқушылары қашықтан оқиды
Нұр-Сұлтанда 19 қарашада аязға байланысты бірінші ауысымдағы 0-4 сынып оқушылары қашықтан оқиды, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.
«Нұр-Сұлтан қаласының Білім басқармасы ауаның төмендеуіне байланысты бірінші ауысымдағы 0-4 сынып оқушылары үшін қашықтан оқыту форматына көшірілетіндігін хабарлайды», – делінген хабарламада.



