BasNewsЖаңалықтар
Астаналық 900 мың теңге салық төлемеген
Елорда тұрғыны жалған шот жазып, мемлекетке 900 миллион теңге көлемінде залал келтірген. Бұл туралы қаржы мониторингі агенттігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.
Нұр-Cұлтан қаласы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті жалған бухгалтерлік құжаттарды жазу дерегі бойынша «АйДи Строй 2030» ЖШС директорына қатысты қылмыстық істі аяқтады.
«Тергеу барысында Д.Құрманғожинова 2017-2018 жылдар аралығында серіктестік атынан түрлі компаниялармен жалған мәмілелер жасағаны анықталды. Нәтижесінде, мемлекетке төленбеген салық түрінде 900 миллион теңгеден аса сомаға залал келтірілді», – делінген хабарламада.
Оған 3,5 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.



