BasNewsЖаңалықтар
Нұр-Сұлтанда 18 қабатты тұрғын үй кешені өртенді

Нұр-Сұлтанда 18 қабатты «Европейский» тұрғын үй кешені өртенді. Ақпаратты қалалық Төтенше жағдайлар департаменті растады, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.
Өрт сөндірушілер Боталы көшесі, 26 мекенжайындағы өрт орнына сағат 15.29-да көлікпен жеткені хабарланды.
«Өрт сөндірушілер келгеннен кейін 6 минут ішінде «Европейский» тұрғын үй кешенінің №1 кіреберісіндегі 10-14-ші қабатта электр сымдары өртенгені анықталды. Қазіргі уақытта тұрғындар эвакуацияланып жатыр», – деді құтқарушылар.
Оқиға орнында Нұр-Сұлтан қаласының 22 құтқарушысы мен 6 шұғыл техникасы жұмыс істеп жатыр.



