BasNewsЖаңалықтар

Полиция үш баласымен 9-қабаттан секіріп кеткен әйел неге мұндай әрекетке барғанын атады

Алматы полициясы үш баласымен 9-қабаттан секіріп кеткен әйел неге мұндай әрекетке барғанын атады. Полиция мәліметінше, әйелдің өз-өзіне қол жұмсауына тұрмыстық негіздегі жанжал себеп болған, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

Алматы қалалық Полиция департаменті мәліметінше, оқиға 22 қарашада түс ауа «Жетісу» ықшамауданында болған.

«Тергеудің осы кезеңінде 9-қабаттан үш баласымен секіріп кеткен әйел неге мұндай әрекетке барғаны анықталды. Отбасылық-тұрмыстық қатынас негізінде жұбайымен жанжал болған. Ол өз-өзіне қол жұмсау туралы хат қалдырған», – делінген полиция хабарламасында.

Айта кетейік, қылмыстық іс ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабына сәйкес тергеліп жатыр. Тергеу-жедел тобы құрылған.

Басқа жаңалықтар

Back to top button