BasNewsЖаңалықтар
23 қарашадан бастап Қазақстанда жеті жол учаскесі ақылы болды
23 қарашадан бастап Қазақстанда жеті жол учаскесі ақылы болды, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі «Қазавтожол» ұлттық компаниясына сілтеме жасап.
Осы уақытқа дейін Нұр-Сұлтан-Павлодар, Қапшағай – Талдықорған, Тараз – Қайнар, Шымкент – Тараз, Шымкент – Қызылорда, Шымкент – Ташкент, Щучинск – Көкшетау 4 жолақты қозғалысы бар Республикалық маңызы бар бірінші санатты автожолдардың 7 учаскесінде ақылы жүйе сынақтан өткізілді.
«Жоғарыда көрсетілген учаскелерді ақылы ету туралы бұйрықтар әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өтті және 2021 жылғы 23 қарашада күшіне енеді, тиісінше, осы күннен бастап жол жүру ақысы алынатын болады. Ақылы жолдар бойынша қызмет көрсету орталықтары жұмыс істей бастады», – деп хабарлады «ҚазАвтоЖол» компаниясы.



