BasNewsЖаңалықтар
Назарбаев Nur Otan партиясындағы төраға өкілеттігін Тоқаевқа береді
Нұрсұлтан Назарбаев Nur Otan партиясының төрағасы өкілеттігін береді, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.
«Саяси кеңестің кеңейтілген отырысы барысында Нұрсұлтан Назарбаев Nur Otan партиясы Төрағасының өкілеттігін беру туралы шешім қабылдап, партияны ел Президенті басқаруы тиіс екенін атап өтті. Өкілеттіктерді беру рәсімі партияның жарғысына сәйкес жүзеге асырылады», – деп жазды Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай.



