BasNewsЖаңалықтар

Елордада және тағы бірнеше өңірде қатты көктайғақ күтілуде

Нұр-Сұлтан мен тағы бірнеше өңірде қатты көктайғақ болады, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

Елордада 2 желтоқсанда түстен кейін көктайғақ болады. Оңтүстіктен соғатын желдің екпіні күндіз секундына 18 метр.

Қостанай облысының солтүстік-батысында, шығысында көктайғақ, тұман, бұрқасын күтіледі. Оңтүстік, оңтүстік-батыстан секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады.

Ақтөбе облысының солтүстік жартысында көктайғақ сақталады.

Қызылорда облысының орталығында батыстан секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады.

Батыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында тұман, көктайғақ болады, түнде облыстың батысында екпіні секундына 15-20 метр жел соғады.

2 желтоқсанда таңертең және күндіз Түркістан облысының батысы мен солтүстігінде шаңды дауыл соғады. Оңтүстік, оңтүстік-батыстан таңертең және күндіз батыста, солтүстікте, таулы және тау бөктеріндегі аудандарда желдің жылдамдығы 15-20, таулы аудандарда секундына 23 метрге жетеді.

Күндіз Қарағанды облысының батысында көктайғақ болады. Облыстың оңтүстігінде тұман түседі. Оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан, облыстың батыс жартысында жылдамдығы секундына 15-20, екпіні 23 метр жел соғады.

Павлодар облысының оңтүстігінде оңтүстіктен жел соғады, екпіні секундына 15-20 метр болады.

Маңғыстау облысының солтүстігінде және орталығында тұман, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың батысы мен орталығында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

2 желтоқсанда таңертең және күндіз Ақмола облысының солтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында көктайғақ, бұрқасын болады. Түнде және таңертең облыстың шығысында тұман түседі. Облыстың солтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында жел секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button