BasNewsЖаңалықтар

Елордалық оқушылар қашықтан оқиды

Нұр-Сұлтанда 9 желтоқсан күні бірінші және екінші ауысымдағы 0-7-сынып оқушылары қашықтан оқиды, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

«9 желтоқсаннан бастап ауа температурасының төмендеуіне байланысты екінші ауысымдағы 0-7 сынып оқушылары қашықтан оқиды», – делінген хабарламада.

Ақпарат жарияланған кезде елордадағы ауа температурасы 24 градусқа дейін төмен болды. Қазгидрометтің мәліметінше, күндіз ауа райы жақсарады, 17 градусқа дейін көтеріледі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button