BasNewsЖаңалықтар
Ақтөбе тұрғынының үйінен БТР табылды

Ақтөбедегі Россовхоз кентінде құжаттары жоқ БТР-60 бронетранспортері табылды, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.
Техника сол облыстағы инженерге тиесілі екендігі анықталды.
Ол бронетранспортерді шамамен 2000 жылдары сатып алған. Кейіннен құр тұрғандықтан, сатуға шешім қабылдаған.
Материал ҚР ҚК 386-бабы 1-бөлігі бойынша СДТБТ-де тіркелді, тергеу жүргізіліп жатыр.
БТР Ақтөбедегі коммуналдық автотұраққа қойылды.



