BasNewsЖаңалықтар
Қазақстанда термометр бағандары 15-25 аязға дейін төмендейд
«Қазгидромет» РМК синоптиктері 11-13 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.
Болжам бойынша, Қазақстанның солтүстік және шығыс жартысында аяз басталады. Оның себебі, солтүстік-батыстан келген антициклон әсер етеді. Ол алдымен батыста, содан кейін Қазақстанның солтүстігінде ауа температурасының төмендеуіне әкеледі.
«Бұл аймақтарда түнгі уақытта термометр бағандары 15-25 аязға дейін төмендейді. Тек оңтүстік аймақтарда жылы болады. Онда оңтүстік циклон әсер етеді, оған қоса жауын-шашын, тайғақ болады. Бірақ ауа температурасы қолайлы болады деп болжанады», – делінген хабарламада.



