BasNewsЖаңалықтар

Қазақстандық боксшы мексикалық қарсыласын бірінші раундта нокаутқа түсірді

Екінші орта салмақтағы қазақстандық боксшы Әли Ахмедов кезекті жеңісіне қол жеткізді, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі  Vesti.kz порталына сілтеме жасап.

Ол Монтебеллода (Калифорния, АҚШ) өткен бокс кешінде мексикалық Пол Валенсуэлаға қарсы жекпе-жекке шықты.

Жекпе-жек он раундқа жоспарланған болатын, бірақ біріншісінде аяқталды. Бірнеше соққыдан кейін Ахмедов қарсыласын нокаутпен түсірді.

Қазақстандықтың бұл 18-ші жеңісі, оның 14-ін уақытынан бұрын аяқтаған. Ал Валенсуэла 11-ші рет жеңілді, десе де оның қанжығасында 26 жеңіс бар.

Еске салайық, Ахмедовпен IBF және IBO нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкиннің GGG Promotions промоутерлік компаниясы айналысады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button