BasNewsЖаңалықтар

Шымкентте жауап алу кезіндегі күдіктінің өлімінен кейін полицейлер жұмыстан босатылды

Қостанай облысының тұрғынын ұстауға қатысқан полицейлер жұмысынан шығарылды. Бұл туралы Шымкент қаласы Полиция департаментінің басшысы Ералы Жұмаханбетов мәлімдеді, – деп хабарлайды   Basnews.kz тілшісі.

Шымкент Полиция департаменті басшысының мәліметінше, 8 желтоқсанында Шымкентте автокөлік құралдарын ұрлады деген күдікпен бұрын соңды мүліктік қылмыс пен қарақшылық үшін сотталған Қостанай облысының екі тұрғыны ұсталған. Олардың автокөлігінен көліктерді ашуға арналған техникалық құралдар, радиостанциялар, маңдай шамдар мен қолғаптар табылып, тәркіленді хабарланды.

«Ұстау және жеткізу кезінде полиция қызметкерлері күш қолданған. Олардың біреуі ғимаратта өзін нашар сезініп, жедел жәрдем келген уақытта медицина қызметкерлері оның қайтыс болғанын анықтады», – деді ол.

Полицияның лауазымды тұлғаларына қатысты қылмыстық істер қозғалды.

«Осы дерек бойынша жүргізілген қызметтік тергеумен ұстауға қатысқан қызметкерлер және олардың іс-әрекеттеріне бақылауды қамтамасыз етпеген басшылары ішкі істер органдарынан шығарылды.

Сонымен қатар, олардың қылмыстық істі тергеу шеңберіндегі іс-әрекеттеріне құқықтық баға берілетін болады», – деді полиция басшысы.

Төтенше оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін Шымкентке ІІМ-нен министрдің орынбасары бастаған комиссия келгені де хабарланды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button