BasNewsЖаңалықтар
Алматыда 16 жасар жасөспірім көпқабатты үйдің терезесінен секіріп кетті
2005 жылғы жасөспірім Алматыдағы көпқабатты үйдің терезесінен секіріп кетті, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.
Куәгерлердің айтуынша, оқиға кеше өрт болған «Алтын бұлақ-2» тұрғын үй кешенінің жанында болған.
Полиция өкілдері аталған дерек ҚР ҚК 105-бабы (Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу) бойынша соталды тергеудің бірыңғай тізілімінде тіркелгенін хабарлады.
«Қылмыстық істі Алмалы аудандық ПБ жанындағы полиция бөлімі тергеп жатыр. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Мән-жайды анықтауға бағытталған іс-шаралар кешені жүргізіліп жатыр», – деп хабарлады Алматы ПД баспасөз қызметіндегілер.



