BasNewsЖаңалықтар
Бір тәулікте пневмония мен коронавирустан 20 қазақстандық қайтыс болды
Қазақстанда бір тәулікте коронавирус пен пневмониядан 20 адам қайтыс болды, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.
15 науқаста коронавирусқа тест оң нәтиже көрсетсе, бесеуінде теріс нәтиже көрсеткен.

12 желтоқсандағы мәлімет бойынша, 21 211 адам коронавирус инфекциясынан (18 418 КВИ+ және 2 793 КВИ-) емделіп жатыр, олардың ішінде:
- 4 145 пациент стационарда,
- 17 066 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
- 332 адамның жағдайы ауыр,
- 85 пациенттің жағдайы өте ауыр,
- 66 науқас жасанды тыныс алу аппаратында жатыр.



