Қазақстанда алдағы күндері боран мен көктайғақ күтілуде
Синоптиктер 18-20 желтоқсанға арналған ауа райы болжамымен бөлісті, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.
Бұл күндері елімізде тұрақсыз ауа райы сақталады. Солтүстік-батыс циклонның ықпалына байланысты атмосфералық фронтальды бөліктердің ойысып жетуіне әсер етеді. Жауын-шашын түсіп, көбінесе қар жауады, көктайғақ болып, тұман түседі, қатты жел тұрып, еліміздің солтүстік жартысында бұрқасын күтіледі, – хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі.
Батыста ауа температурасы түнде -5+2, күндіз -3+5, солтүстік-батыста ауа температурасы түнде 0-5, күндіз -3+2, республикамыздың солтүстігінде және орталығында ауа температурасы түнде -1-13, күндіз 0-8 градус суық болады, ал шығыста ауа температурасы түнде -5-15-тен 0-10-ға дейін, күндіз 0-10, елдің оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында түнде -5+2.



