BasNewsЖаңалықтар

Қызылорда облысында аялдамада үш оқушыны қарумен жаралаған күдіктілер ұсталды

Қызылорда облысында аса ауыр қылмыс жасаған күдіктілер ұсталды, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

15 желтоқсан кешкі сағат 18.00 шамасында Қызылорда облысының Қармақшы ауданы Төретам кентінде бір топ азаматтар жанжалдасып, қару қолданған.

Салдарынан аялдамада тұрған үш жасөспірім оқтың ұшқынынан жарақат алды.

Аталған дерек Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 24-бабының 3-бөлігі, 99-бабының 3-бөлігімен (адам өлтіруге оқталу) тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу басталған.

Жасөспірімдер дер кезінде ауруханаға жеткізіліп, көмек көрсетілген және олардың біреуі сол күні қайтарылса, қалған екеуі дәрігерлік бақылауға алынған.

Қазіргі уақытта жасөспірімдердің жағдайы бірқалыпты.

Қылмыс бойынша полиция қызметкерлерінің шұғыл әрекеттерінің нәтижесінде «ізін суытпай» 8 күдікті анықталып ұсталды.

Бұдан бөлек, кешенді жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу нәтижесінде, осы қылмысты атыс қаруымен орындаған негізгі күдікті құрықталып, ол кінәсін мойындаған және одан қылмыс құралы тәркіленіп, айғақты зат алынды.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 128-бабының (ұстап алудың негіздері) талаптарына сәйкес, ұсталған 9 күдікті қамаққа алынды.

Тиісті сот сараптамалары тағайындалды. Тергеу жүріп жатыр.

Басқа жаңалықтар

Back to top button