Қазақстанда ПТР-тест арзандады
Ұлттық сараптама орталығы коронавирусқа ПТР-тест бағасын төмендетті, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.
Ведомство баспасөз қызметі мәліметінше, агенттік баға жағдайын бақылау және COVID-19-ға ПТР-сынама тапсыру бойынша зертханалық қызмет нарығында шара қабылдауды жалғастырып жатыр.
«2021 жылғы 6 желтоқсанда «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК COVID-19-ға ПТР-сынама тапсыру бағасын 6 400-ден 4 900-ге дейін төмендетті. ҰСО республиканың 17 өңірінде қызмет көрсетеді», – делінген хабарламада.
Баға 6 мың теңгеге дейін төмендегені Алматыда («Иннова» зертханасы) байқалады, ал Атырау облысында (Interteach, «Вестерн», «Достар Мед Престиж») 7 мыңнан 5 мың теңгеге дейін екені айтылды.
«Түркістан облысы бойынша ведомство департаменті мен Түркістан қалалық ауруханасының монополияға қарсы комплаенсі аясында медициналық мекемеде бағалар 7 000-нан 4 900-ге теңгеге дейін төмендетілді», – деп мәлімдеді баспасөз қызметі өкілі.
Қазақстан бойынша бөлімшелер бар ірі желілік зертханаларда COVID-19-ға ПТР-тест бағасы өзгеріссіз қалады, оларда орташа есеппен баға 7400 теңге болады.



