BasNewsЖаңалықтар

42 миллион теңге жымқырды деген алаяқ Германияда ұсталды

Ақмола облысында алаяқтық жасаған ер адам Германияда ұсталды, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

Ақмола облысында 2014 жылы жасалған қылмыс ашылды. Щучинск қаласының 54 жастағы тұрғыны жергілікті кәсіпкердің 42 миллион теңгеден астам ақшасын алаяқтық жолмен иемденіп, кейін жасанды құжаттар көрсеткен.

Бурабай АПБ тергеу бөлімімен аталған дерек ҚК-нің 190-бабының 4-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне енгізілді.

Тәртіп сақшылары ер адамның жәбірленушіден алған ақшаны бұрыннан бар несие берешегін жабуға пайдаланып, Қазақстаннан шығып кеткенін анықтады. Ақмола облысының полиция департаменті халықаралық іздеу жариялады.

Кейін бұл азамат Германияда жалған құжаттармен тұрғаны белгілі болды. Оны жергілікті полиция ұстаған.

2021 жылдың қарашасында Германияның құқық қорғау органдары мен Қазақстан ішкі істер министрлігі қызметкерлерінің қатысуымен Майн-Франкфурт қаласында күдікті экстрадицияланды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button