BasNewsЖаңалықтар

Қарағанды облысындағы шахтада жұмысшы жараланды

АрселорМиттал Теміртау» кенішінде жұмысшы жараланды, – деп хабарлайды  Basnews.kz тілшісі.

«22 желтоқсанда «Шахтинская» шахтасында металл бұйымдарды тиеу кезінде 1975 жылы туған кенші жарақат алды. Оған алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, кейін ауруханаға жеткізілді. Өміріне қауіп жоқ. Оқиға тергеліп жатыр», – деді «АрселорМиттал Теміртау» АҚ баспасөз қызметі өкілдері.

Жарақат алған жұмысшысы профессор Хафиз Мақажанов атындағы клиникаға жатқызылды. Ол бас-ми жарақатын алған.

«Ер адам жедел травматология бөліміне жатқызылды. Жағдайы орташа ауыр, тұрақты», – деді Қарағанды ​​облысының денсаулық сақтау басқармасы өкілі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button