BasNewsЖаңалықтар

Алматы облысында боранға байланысты республикалық маңыздағы тас жол жабылды

Алматы облысында боранға байланысты жол жабылды, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

ИИДМ  мәліметінше, Алматы облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты (боран, көрімділіктің төмендеуі) 25 желтоқсанда сағат 9.30-дан бастап Үшарал – Достық автожолының 83-184-шақырымында, Көктума станциясы – Достық станциясы учаскесінде (жөнделіп жатыр) автокөліктің барлық түрі үшін қозғалыс шектелді.

Төтенше жағдайларға жол бермеу үшін көлік жүргізушілеріне алыс сапардан бас тартуға кеңес берілді.

Штаттан тыс жағдайлар туындаған жағдайда 1403 нөміріне тәулік бойы хабарласуға болады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button