BasNewsЖаңалықтар

Талдықорғанда үй ішіне орнатылған жасанды шырша өрттеніп кетті

2021 жылы 26 желтоқсанында сағат 10:36-да Алматы облысы ТЖД-ға Талдықорған қаласының Болашақ ықшам ауданынан өрт туралы хабарлама келіп түсті, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

Өрт көппәтерлі тұрғын үйдің бесінші қабатында орын алды.

Оқиға орнына Алматы облысы ТЖД-ның 16 қызметкері мен алты техникасы, сондай-ақ басқа да шұғыл қызметтер жіберілді.

0,5 шаршы метр алаң өртке оранып, жасанды шырша мен диван жанғаны анықталды. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Көрші Әлішер Еріков пәтерден екі баланы алып шығып, өртті сөндірген, – хабарлады Алматы облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

Өрт

Белгілі болғандай, өрттің шығуына ішкі электр желісіне қосылған электр гирляндасындағы қысқа тұйықталу себеп болған.

Басқа жаңалықтар

Back to top button