BasNewsЖаңалықтар
Алматыда балаларды ұрған балабақша тәрбиешісі өз-өзіне қол жұмсады
Алматыда балабақшада балаларды ұрып-соқты деген тәрбиеші өзіне қол жұмсады. Ақпаратты қалалық Полиция басқармасы растады, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.
«Алматы қаласының полиция департаменті 1979 жылы туған азаматша Б-ның өзіне қол жұмсағанын растап отыр. Қазіргі уақытта Жетісу аудандық полиция бөлімі ҚР Қылмыстық кодекстің 105-бабы бойынша соталды тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Мән-жай анықталып жатыр», – деді департаменттегілер.
Бұған дейін Алматыда бейнебақылау камераларына түсіп қалған балабақша тәрбиешісінің әрекеті Қазнет қолданушыларын ашуландырғаны хабарланған еді. Кейін тәрбиеші бап бойынша жұмыстан шығарылғаны айтылды.



