BasNewsЖаңалықтар

Елордада дельта-штамм басым айналымда

Нұр-Сұлтанның бас мемлекеттік санитария дәрігері Сархат Бейсенова елордада COVID-19-дың қай штамы басым екенін айтты, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

Елорданың бас санитария дәрігерінің сөзінше, республика аумағында COVID-19 штамдарының айналымын бақылау мақсатында зерттеу жүргізіліп жатыр. Осыған байланысты екі айда бір рет зертханаға сынамалар жіберіледі екен.

«Желтоқсанның басында зертханаларға жеткізілген сынамалар бойынша соңғы деректерді айтсақ, молекулалық-генетикалық зерттеулердің нәтижелері бойынша елордада дельта-штамм (47 пайыз), сондай-ақ дельта-плюс штамм (41 пайыз) басым айналымда. Айналым Алматыдағы сияқты», – деді Сархат Бейсенова.

Басқа жаңалықтар

Back to top button