BasNewsЖаңалықтар
ШҚО-да белгісіз біреулер тойға басып кіріп, атыс шығарған

Полиция мәліметінше, 1 қаңтар таңғы сағат 04.00 шамасында қарулы адамдар ШҚО Үржар ауылындағы мейрамханалардың бірінде өткен тойға басып кірген. Оқиға видеоға түсіп қалған. Ведомство өкілі зардап шеккендер жоқ екенін мәлімдеді, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.
Кадрларда той үстінде қарулы екі адам атыс шығарғаны көрінеді. Ведомствода шабуыл дұшпандық қарым-қатынас салдарынан жасалғаны айтылды.
«Күдіктілер анықталды, бірі ұсталып, УҰИ-ға қамалды. Бұл дерекке қатысты ҚК-нің 293-бабы 3-бөлігі «Бұзақылық» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Осы бап бойынша 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған», – деп мәлімдеді ШҚО ПД өкілі.



