Мәскеу соты Томирис Байсафаның өліміне қатысты істі қайта қарайтын болды
Мәскеудің Никулин соты 19 қаңтарда ММХҚИ студенті Томирис Байсафаны өлтірді деп айыпталған Дағыстанның бұрынғы премьер-министрінің ұлы Мұхтар Меджидов Муртузалидің ісін қайта қарайды, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.
Бұрын алқабилер оны ақтаған еді, алайда Мәскеу қалалық соты істі кері қарауға жіберді.
«Сот отырысы 19 қаңтарға белгіленді», – делінген хабарламада.
Ақталғанға дейін Муртузали Меджидов қамауда болды, ол сот шешімі шыққан күні босатылды.
Еске салайық, 2018 жылдың 13 сәуірінде ММХҚИ Халықаралық экономикалық қатынастар кафедрасының төртінші курс студенті Томирис Байсафа жұмбақ жағдайда ЖОО-ның төртінші қабатының терезесінен құлап кеткен еді. 3 мамырда Томирис Склифосовский ғылыми-зерттеу институтында қайтыс болды.
Томирис Байсафаны өлтірді деген күдікпен Дағыстанның бұрынғы премьер-министрінің ұлы Муртузали Меджидов ұсталған еді.
Бұған дейін Мәскеу соты Дағыстанның бұрынғы премьер-министрінің ұлы Муртузали Меджидовты ММХҚИ студенті қазақстандық Томирис Байсафаны өлтірді деп тағылған айыптан ақтап алғаны хабарланды.



