BasNewsЖаңалықтар

ШҚО-да жол апатынан 6 адам зардап шекті

Шығыс Қазақстан облысында екі көлік соқтығысып, алты адам зардап шекті, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

Жол апаты 1 қаңтарда кешке болған. Алтай қаласында екі көлік соқтығысқан.

«Жол апаты 20.40 шамасында болды. 24 жастағы «ВАЗ» жүргізушісі ролді басқара алмай, қарсы қозғалыс жолағына шығып кеткен. Салдарынан 44 жастағы жүргізуші тізгіндеген Mitsubishi маркалы автокөлігімен соқтығысқан», – деп мәлімдеді ШҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілі.

Оқиға салдарынан алты адам зардап шекті, олар түрлі дене жарақатымен, бас-ми жарақатымен, бас миының шайқалуымен ауруханаға жеткізілді.

ШҚО ПД қазір сот-медициналық сараптама тағайындалғанын, оның нәтижелері бойынша процессуалдық шешім қабылданатынын хабарлады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button