BasNewsЖаңалықтар
СҚО әкімдігі кілемнен жасалған шыршаны кім орнатқанын айтты
Әкімдік Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданындағы Ленинградское ауылында кілемнен жасалған шыршаны кім орнатқанын түсіндірді, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.
«2021 жылдың 29 желтоқсанында Ақжар ауданы Ленинградское ауылында балалар мен ауыл тұрғындарына мерекелік атмосфера жасау мақсатында қайырымдылық аясында жергілікті тауар өндірушілердің бастамашыл тобымен мына заттар орналастырылды: балалардың сырғанауына арналған орын «Аяз ата» шағын сәулет нысаны (ЖК «Ткаченко»), «Ақшақар» шағын сәулет нысаны (ЖК Жаңабай) және «Жаңа жылдық шырша» шағын сәулет нысаны (Диорит ЖШС)», – деді Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданының әкімдігі.
Сондай-ақ бұл жұмыстарға облыстық бюджеттен мемлекет қаражаты бөлінбегені атап өтілген.



