Үкіметтік комиссия Ақтау белсенділерімен келіссөз жүргізіп жатыр

Үкіметтік комиссия мүшелері Маңғыстаудағы белсенділердің бастамашыл тобымен келіссөз жүргізіп жатыр, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.
Үкіметтік комиссия сұйытылған газ бағасын төмендетуді талап еткен бастамашыл топпен кездесу өткізіп жатыр.
Айта кетейік, комиссия Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен құрылған болатын. Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен отырыс өтіп, оған Президент Әкімшілігінің, Энергетика министрлігінің, Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің, жергілікті атқарушы органдардың, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ және басқа да мүдделі тараптардың өкілдері қатысып жатыр.
Еске салайық, Жаңаөзен мен Ақтаудың мыңдаған тұрғыны жаңа жылдан кейін бағасы күрт шарықтап кеткен сұйытылған газ бағасын түсіруді талап етіп, көшеге шыққан болатын. Олар жолдарды жауып тастаған.



