Әлихан Смайылов жиын өткізді
Премьер-министрдің міндетін атқарушы Әлихан Смайылов елдегі әлеуметтік-экономикалық ахуал жөніндегі кеңесте Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың алға қойған міндеттерін іске асыру бойынша бірқатар тапсырма берді, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.
Әлихан Смайылов газ саласын дамытудың кешенді жоспарын пысықтауды және Маңғыстау облысында сұйытылған газ өндіретін зауыт құрылысының техникалық-экономикалық жағдайына мемлекеттік сараптама жүргізуді жеделдетуді тапсырды. Сұйытылған газ сауда-саттығын ұйымдастыру мен жүргізу қағидаларын реттеу, сұйытылған газды электрон сауда алаңы арқылы өткізуге көшіруді бір жыл ішінде жүзеге асыруды тапсырды. Мемлекеттік органдар сұйытылған газды өткізу кезінде бағалық сөз байласу және өзге де бәсекелестікке қарсы іс-әрекеттерге қатысты тергеу жүргізу қажет. Сондай-ақ, Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарын дамытудың кешенді жоспарларын әзірлеу туралы айтылды.
«Мемлекет басшысы әлеуметтік-экономикалық жағдайды тұрақтандыру бойынша айтылған шараларды кідіріссіз қабылдауды тапсырды», – деді Ә. Смайылов.



