BasNewsЖаңалықтар
Президент утильдік алым ставкаларын қайта қарауды тапсырды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметке кәдеге жарату алымын алып тастау бойынша тапсырма берді, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.
«Кәсіпкерлердің «Оператор РОП» дейтін компанияның қызметіне қатысты сұрағы көп. Бұл жеке компанияға қарсы белгілі бір қоғамдық қозғалыс ұйымдастырылуына дейін жетті. Үкіметке кәдеге жарату алымын тоқтатуды және оны «Оператор РОП» жүзеге асыруын тоқтату бойынша шаралар қабылдауды тапсырамын. Мұны мемлекеттік ұйым жасауы керек», – деді Тоқаев Мәжіліс отырысында.
Алымдардың өзіне келер болсақ, олардың мөлшерлемелерін қайта қарау керек, деді Мемлекет басшысы.



