BasNewsЖаңалықтар
«Дикий Арман» екі айға қамауға алынды
«Дикий Арман» лақапатымен танымал Арман Жұмагелдиев Нұр-Сұлтан сотының шешімі бойынша екі айға қамауға алынды, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.
«Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті Арман Жұмагелдиевке қатысты 2 ай мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын белгіледі», – делінген хабарламада.
Соталды тергеп-тексерудің өзге деректері ҚІЖК-нің 201-бабына сәйкес жария етуге жатпайды.



