Президент ҰҚШҰ-ға мүше елдердің басшыларымен телефон арқылы сөйлесті
Қасым-Жомарт Тоқаев ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің басшыларымен телефон арқылы сөйлесті, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путинмен, Арменияның Премьер-министрі Никол Пашинянмен, Беларусь Президенті Александр Лукашенкомен, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаровпен және Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонмен телефон арқылы сөйлесті.
Қасым-Жомарт Тоқаев Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымындағы әріптестеріне бүгін, 13 қаңтарда бітімгерлік күштердің елімізден шығарыла бастағаны жөнінде мәлімет беріп, Қазақстанға жасалған террорлық шабуыл кезінде қолдау көрсеткендері үшін алғыс білдірді, – делінген хабарламада.
Мемлекет басшысы ұжымдық бітімгерлік күштерінің Қазақстанға қысқа мерзімге келуі ҰҚШҰ-ның беделді халықаралық ұйым ретінде қажетті әрі тиімді екенін көрсетті деп атап өтті.



