«Қазақстан халқына» қорының қамқоршылық кеңесіне кімдер енді
Қор таратқан ақпаратқа сәйкес, қамқоршылық кеңесінің құрамына белгілі мемлекет және қоғам қайраткерлері, қоғам өкілдері, меценаттар және басқа да беделді азаматтары енді, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.
Қамқоршылық кеңес құрамына кіргендер:
- Юрий Пя – «University Medical Center» КҚ төрағасы, Қамқоршылық кеңес төрағасы;
- Аружан Саин – ҚР Бала құқықтары жөніндегі уәкіл, «Қайырымдылық» ерікті қоғамы» қорының директоры;
- Бақыт Байғалиева – «Орфандық аурулары бар пациенттерге көмек көрсету қауымдастығы» ЗТБ төрайымы, құрылтайшысы;
- Саида Таукелева – «Қоғамдық бақылау және мониторинг» РҚБ басшысы, құрылтайшысы;
- Эльмира Әлиева – «Help Today» ҚҚ төрайымы;
- Ләззат Чинкисбаева – «Менің Атамекенім» ҚБ атқарушы директоры;
- Владислав Трифонов – «Шексіз өмір» Қоғамдық бірлестігі;
- Ирина Смирнова – ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, қоғам қайраткері
- Роза Сүлейменова – «САТР» ЖШС бас директоры;
- Алмаз Ержан – қоғам қайраткері, мүмкіндігі шектеулі жандардың құқығын қорғаушы;
- Ораз Жандосов – «Ракурс» экономикалық талдау орталығының директоры, экономист;
- Олжас Құдайбергенов – «Center for strategic initiatives» консалтинг компаниясының аға серіктесі;
- Арманжан Байтасов – «Tan Media Group» компаниясының иесі, меценат;
- Қайырбек Сүлейменов – «Атамекен» ҰКП Кәсіпкерлер құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңестің төрағасы.
«Қазақстан халқына» ҚҚ қамқоршылық кеңесінің төрағасы лауазымына Юрий Пя сайланған.
Қамқоршылық кеңес тұрақты жұмыс істейтін алқалы басқару органы болып саналады. Кеңес мүшерелі қордың негізгі қызметі мен міндеттерін анықтайды, бюджетті бекітеді, басқа да бақылау және ұйымдастырушылық қызметтерді жүзеге асырады.
Айта кетері, «Қазақстан халқына» қоғамдық қоры мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырамасымен құрылды.
Бизнес-қоғамдастық өкілдері, меценаттар «Қазақстан халқына» ҚҚ шотына мына деректердің бірі бойынша қаражат аудара алады:
«Қазақстан халқына» Қоғамдық Қоры, ЖСН/БСН: 220140006999, Кбе 18, KZ97601A871001692501 KZT, АО «Халық банк»;
«Қазақстан халқына» Қоғамдық Қоры, ЖСН/БСН: 220140006999, Кбе 18, KZ52722S000011856768 KZT, АО «Kaspi Bank».



