BasNewsЖаңалықтар
Өзбекстан Қазақстанмен арадағы шекараны уақытша жапты
Өзбекстан 15 қаңтардан бастап екі ел азаматтарын Қазақстанмен мемлекеттік шекарадан өткізуді тоқтатты, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.
Мұндай шаралар Өзбекстанда жаңа омикрон штамының таралуына жол бермеу мақсатында қабылданды, деп хабарлайды Өзбекстан СІМ баспасөз қызметі.
Бұл ретте әуе қатынасы сақталған.
15 қаңтардан бастап Өзбекстан аумағына кірушілер (көлік қатынасын қоспағанда) ПТР-сынамасының теріс нәтижесін шекарадан өткенге дейін 48 сағаттан асырмай ұсынуы, сондай-ақ Өзбекстан аумағына кірген кезде коронавирус инфекциясына экспресс-антиген тест тапсыруы тиіс екені айтылды.
Сондай-ақ, шекарадан өте алады:
- елге оралатын Қазақстан және Өзбекстан азаматтары;
- үкіметаралық фельдъегерлік байланыс мамандары;
- халықаралық жүк тасымалын жасайтын жүргізушілер;
- ресми (үкіметтік) делегациялардың құрамында жүрген адамдар;
- дипломатиялық өкілдіктер, консулдық мекемелер және халықаралық ұйымдардың қызметкерлері, сондай-ақ, олардың отбасы мүшелері;
- Қазақстан аумағында орналасқан Өзбекстанның нысандарына қызмет көрсететін мамандар, сондай-ақ, Өзбекстан аумағында орналасқан Қазақстанның нысандарына қызмет көрсететін мамандар;
- инвестициялық жобалар аясында қызмет атқарып жүрген азаматтар;
- Өзбекстанда тұрақты түрде тұратын Қазақстан азаматтары және Қазақстанда тұрақты түрде тұратын Өзбекстан азаматтары;
- емделуге баратындар, ауырып жатқан жақын туыстарына баратындар және жақын туыстарын жерлеуге шыққандар;
- марқұмдардың денесін алып келе жатқандар.



