BasNewsЖаңалықтар

Елде шектеу шаралары күшейтілді

Қазақстанда эпидемиологиялық жағдайдың күрделілігі ерекше назарға алынып, бірқатар шектеу шаралары күшейтілді. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Үкімет отырысында айтты, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

«Эпидемиологиялық жағдайдың күрделілігін, «омикрон» нұсқасының айналымын ескере отырып, шектеу шаралары күшейтілді», – деді Ажар Ғиният.

Атап айтқанда, ведомство басшысының айтуынша, Қазақстанда келесі шектеулер енгізілді:

  • ҚР Мемлекеттік шекарасын кесіп өту пункттерінде вакцинация мәртебесіне қарамастан, шетелден келгендердің барлығы үшін теріс ПТР-тесттің болуы міндет;
  • Ashyq бойынша «жасыл» мәртебе болған кезде ғана қызметіне рұқсат етілген объектілердің тізбесі кеңейтілді;
  • Өңірлердегі эпидемиологиялық ахуалға байланысты оқушыларды, студенттерді оқытуға сараланған тәсіл қолданылады.

«Шектеу шараларын енгізу әрбір нақты өңірдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты сараланып жүзеге асырылатынын атап өткім келеді», – деп қосты министр.

Басқа жаңалықтар

Back to top button