BasNewsЖаңалықтар

Алматыда коронавирус жұқтырған 154 бала ауруханада жатыр

Алматыда коронавирус жұқтырған 154 бала ем қабылдап жатыр, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық басқармасы хабарлады.

18 қаңтар күнгі ақпарат бойынша, бір тәулікте қалада 1 580 адам коронавирус жұқтырған.

Барлық емделіп шыққандар – 147, келіп түскені – 195.

«Инфекциялық стационарларда 1 139 адам бар (төсек-орын – 2380 ). Оның ішінде 154 бала емделіп жатыр», – деп нақтылады қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен.

Сондай-ақ, реанимация және қарқынды терапия бөлімінде 58 адам жатыр.

Ал 13 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.

Инвазивті емес жасанды тыныс алу аппаратында 18 адам ем қабылдауды жалғастыруда. High flow-да 7 аппарат жұмыс істейді.

Медициналық-санитариялық алғашқы көмек мобильді бригадаларының және Телемедицина орталығының амбулаториялық бақылауында 7 152 пациент бар.

Оның ішінде індет белгілері бар, орташа ауыр жағдайда – 6764 науқас. 388 адамда коронавирус белгілері жоқ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button