BasNewsЖаңалықтар

Алматыда терроризмге қарсы операцияға байланысты кейбір көше жабылды

Алматыда полиция қызметкерлері терроризмге қарсы операцияға байланысты кейбір көшені жауып тастады, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

Терроризмге қарсы операция жүргізілуіне байланысты 19 қаңтарда мына учаскелерде жол қозғалысы уақытша тоқтатылады:

Абылай хан даңғылы бойынша Мақатаев көшесінен Бөгенбай батыр көшесіне дейін, солтүстік және оңтүстік бағыттарда;
Төле би көшесі бойымен Желтоқсан көшесінен Назарбаев даңғылына дейін, шығыс және батыс бағытта.

«Азаматтардан уақытша шараларға түсіністікпен қарауды, қозғалыс бағытын алдын ала түзетуді және жол ережелерін мүлтіксіз сақтауды сұраймыз», – деді Алматы Полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button