Алматы метросында тапанша ұстаған жігіттер үш оқушыны соққыға жықты
Алматы метросында екі ер адам 20 жастағы жігітті тапаншамен қорқытып, соққыға жыққан, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.
Әлеуметтік желілерде төбелестің суреттері тарады. Оқиғаға қатысқандардың бірі қолына тапанша ұстап, қоқан-лоқы жасаған. Куәгердің айтуынша, екі жігіт үш оқушыны еш себепсіз ұрған.
Алматы Полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілі оқиға салдарынан 20 жастағы жігіт зардап шеккенін мәлімдеді. Ол ауруханаға түскен.
«Күдіктілер ұсталды. Олардан қарсыластарына қауіп төндірген тапанша тәркіленді. Ұсталғандардың айтуынша, қолдарында газды тапанша болған. Қаруға сот сараптамасы тағайындалды. Тексеру шараларының қорытындысы бойынша айыпталушылардың әрекетіне құқықтық баға беріледі», – деді Алматы қаласы ПД баспасөз қызметі өкілі.
https://www.instagram.com/p/CZByJHPIQT0/?utm_source=ig_web_copy_link



