BasNewsЖаңалықтар

Атырауда із-түзсіз жоғалған баланың денесі табылды

Атырауда жоғалған 9 жасар баланың денесі судан табылды, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

Кеше, 22 қаңтарда түс қайта үйінен інісімен бірге ойнауға шыққан 9 жасар бала жоғалып кеткен.

Бүгін жоғалған баланы 200-ге жуық адам іздеді. Оған 100 полицей мен төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері, мектеп мұғалімдері, өзге де тұрғындар мен 60 ерікті қатысты.

«Бүгін кешкісін жоғалып кеткен 9 жасар баланың денесі судан табыллы. Бұл ақпаратты іздестіру жұмыстарын басқарып жүрген №1 Атырау қалалық полиция бөлімінің бастығы Әнуар Кокалов растады» -деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button