BasNewsЖаңалықтар

Алматыда ұрланған мылтық пен оқ-дәрілер қоймасы анықталды

Алматыда ұрланған мылтық пен оқ-дәрілердің қоймасы табылды, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі Рolisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Департаменттің хабарлауынша, қару-жарақ сақталған құпия орын «Шаңырақ» ықшам ауданындағы жеке тұрғын үйдің еденінің астынан табылды. Белгілі болғандай ол жерде тәртіпсіздікке және қару-жарақ дүкенін тонауға қатысқан төрт адам қару-жарақ пен оқ-дәрілерді сақтаған.

«Атап айтқанда, тінту кезінде оқтары бар екі мырыш, 12 РГД және Ф-1 гранатасы, АК-47-ге арналған екі патрон, оқ өткізбейтін киім, қалқандар, дулығалар, РПГ снаряды, тегіс ұңғылы мылтық, тоғыз мылтық табылды. Айғақты заттар тергеу-жедел тобымен процессуалдық тәртіпте тәркіленді. Қылмыстық іс ҚР ҚК-нің 188 бабы 3 бөлігімен және ҚР ҚК-нің 291 бабы 1 бөлігімен тіркелді», – деді Алматы қалалық полиция департаменті бастығының орынбасары Берік Әбілбеков.

Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button