BasNewsЖаңалықтар

Сыртқы істер министрінің жаңа орынбасары тағайындалды

Мемлекет басшысының өкімімен Роман Юрьевич Василенко Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары лауазымына тағайындалды, – деп хабарлайды Basnews.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Ол Президент Жарлығымен Қазақстан Республикасының Словак Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымынан босатылды.

Роман Юрьевич Василенко 1972 жылы Шымкент қаласында туылған.

1994 ж. – Ресей Федерациясы қарулы күштерiнiң Экономика, қаржы және құқық әскери академиясын үздiк бiтiрген.

1994-1996 жж. – Қазақстан Республикасы Президентi Аппараты Халықаралық бөлiмiнiң жетекшi маманы, референт.1996-1999 жж. – ҚР Ұлыбритания және Солтүстiк Ирландия Құрама Корольдiгiндегi Елшiлiгiнiң үшiншi хатшысы, екiншi хатшысы.

1999-2012 жж. – ҚР Премьер-министрi Кеңсесi Басшысының көмекшiсi, ҚР-ның АҚШ-тағы Елшiлiгiнiң бiрiншi хатшысы, кеңесшiсi, ҚР Мемлекеттiк Хатшысы Хатшылығының бас инспекторы; ҚР Президентi
Кеңсесi меңгерушiсiнiң кеңесшiсi; ҚР Мемлекеттiк Хатшысының Хатшылық меңгерушiсiнiң орынбасары, ҚР Сыртқы iстер министрлiгiнiң Халықаралық ақпарат комитетiнiң төрағасы қызметтерiн атқарса, ҚР
СIМ ерекше тапсырмалар жөнiндегi елшiсi және СIМ-нің Халықаралық ақпарат комитетiнiң төрағасы болып та еңбек еттi.

2016-2019 жж. Сыртқы iстер министрiнiң орынбасары болды.

2019 жылғы 21 желтоқсанда Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстанның Словакиядағы Елшiсi қызметiне тағайындалды.

I сыныпты Төтенше және Өкiлеттi Уәкiл дипломатиялық дәрежесi бар.

Ағылшын, француз және вьетнам тiлдерiн меңгерген.

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button