BasNewsЖаңалықтар

Қазақстанда алғашқы онлайн университеттер ашылады– ҚР БҒМ

Қазақстанда алғашқы онлайн университеттер ашылады. Бұл туралы білім және ғылым вице-министрі Қуаныш Ерғалиев айтты, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

«Білім және ғылым министрлігі жоғары білім беру жүйесіне оқытудың жаңа құралын енгізуді жоспарлап отыр. Жаңа формат – онлайн оқыту туралы айтып отырмыз. Елімізде алғашқы онлайн университеттер ашылады», – деді Қуаныш Ерғалиев.

Оның айтуынша, жоғары оқу орындарында оқуға берілетін гранттар саны 5 мыңға ұлғайып, оның 60 пайызы техникалық мамандықтарға бөлінеді.

Сонымен қатар, ол «Болашақ» бағдарламасының бағытын өзгерту және реформалау жұмыстарының басталғанын хабарлады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button