BasNewsЖаңалықтар

Қырғыз-тәжік шекарасындағы жағдай туралы не белгілі

27 қаңтарда тәжік-қырғыз шекарасының учаскесінде қақтығыс болды, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

Бұл туралы Қырғыз Республикасы Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті Шекара қызметінің ақпарат және коммуникациялар департаменті мәлімдеді.

Қырғыз тарапы Тәжікстан әскерилері миномет пен гранатомет қолданып, шекараға бірқатар техниканы орналастырды деп айыптады. Тәжікстан болса, атысты ашқан Қырғызстан,оның әскерилері минометтер мен дрондарды қолданды, қақтығыс кезінде бейбіт тұрғындар қаза тапты деп жариялады.

Ховар ұлттық ақпарат агенттігінің мәліметінше, шекарадағы қақтығыс салдарынан тәжік тарапынан 10 адам жарақат алды, оның алтауы әскери қызметші және төртеуі қарапайым халық.

«Тәжікстанның екі азаматы қаза тапты. Ходжаи Аъло ауылының тұрғыны өз ауласында қырғыз әскери қызметшілері атқан миномет снаряды салдарынан қаза тапты. Исфара қалалық ауруханасының алғашқы медициналық көмек бөлімінің жүргізушісі Ходжаи Аъло ауылының бейбіт тұрғындарын миномет жарылғанынан құтқару барысында қайтыс болды», – деді Тәжікстанның Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің Шекара қызметі өкілі.

Sputnik Киргизия мәліметінше, Қырғызстан тарапынан қаза тапқандар жоқ. Бірақ Тәжікстанмен шекарада атыс кезінде зардап шеккендер саны артқан.

«Қырғызстанның зардап шеккен әскери қызметшілерінің саны 11 адамға жетті. Барлығы орташа ауыр жағдайда ауруханаға жатқызылды», – делінген басылым мәліметінде.

28 қаңтарға қараған түні тараптар атысты тоқтату туралы келісімге келді.

«Келіссөздер барысында атысты тоқтату туралы келісімге қол жеткізілді. Жолдар ашылды, әскер шығарылады. Бірлескен комиссия тергеуді 28 қаңтарда таңертең бастайды», – деді РИА Новостиге Согди облысы басшысының баспасөз қызметі өкілі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button