Тоқаев «Nur Otan» партиясының төрағасы болып сайланды
Партияның кезектен тыс XXI съезінің шешімімен Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Nur Otan» партиясының төрағасы болып сайланды, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.
Тоқаев Nur Otan партиясына төрағалық ету аса жауапты жұмыс екенін айтты.
«Осы міндетті атқаруды маған ұсынып, қолдау көрсеткендеріңіз үшін шынайы ризашылығымды білдіремін» – деді ол.
Тоқаевты партия төрағалығына сайлау туралы ұсынысты тұңғыш президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев енгізді.
Айта кетері, елордада Nur Otan партиясының кезектен тыс XXI Съезі жұмысын бастады. Оған еліміздің барлық өңірінен 389 делегат онлайн-форматта қатысып отыр.
Съезге бейнеконференция режимінде ел басшылығы, саяси кеңес мүшелері, аймақтық филиалдардың өкілдері, депутаттар мен үкімет мүшелері қосылды.



