BasNewsЖаңалықтар

54 жастағы қостанайлықтан аса ірі көлемде героин тәркіленді

Қостанайлық полицейлер жергілікті тұрғыннан ірі көлемде героин тәркіледі,-  деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Қостанай полициясы салмағы 26 грамнан астам героин сақтаған күдіктіні ұстады.

Костанаец задержан с крупной партией героина

54 жастағы қостанайлық есірткіні жалдамалы пәтерде сақтап келген.

«Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полицейлер кіреберіс және ас үйдегі шкафтардан ақшыл сары түсті тас тәрізді заты бар 4 полиэтилен пакетін тапты. Сараптама нәтижелеріне сәйкес алынған зат героин болып шықты», – делінген Polisia.kz таратқан мәліметте.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 296-бабы 4-бөлігі (Аса ірі мөлшердегі есірткі заттарын заңсыз сақтау) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button