BasNewsЖаңалықтар
Елордада Өзбекстан азаматы жалға алынған автокөліктерді сатып жіберген
Нұр-Сұлтанда жалға алынған автокөліктерді сатумен айналысқан Өзбекстан азаматы ұсталды, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі елорда полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«21 жастағы шетелдік қысқа мерзім ішінде тоғыз автомобиль сатып үлгерген. Олардың алтауы тәркіленіп, иелеріне қайтарылды», – делінген сейсенбіде таратылған баспасөз қызметінің хабарламасында.
Полицияның мәліметінше, шетелдік азамат автомобильдерді ұзақ мерзімге жалға алған, содан кейін оларды үшінші тұлғаларға сатқан, ақшасын өз қажеттіліктеріне жұмсаған.
Қазіргі уақытта күдікті тергеу изоляторына қамалды. Қылмыстық кодекстің 190-бабының 3-бөлігі (алаяқтық) бойынша тергеу жүргізіліп жатыр. Полиция ол ұрлаған басқа көліктерді іздестіруде.



