Жүк пойызының 12 вагоны рельстен шығып, төңкеріліп қалды
Қарағанды облысында жүк пойызының 12 вагоны рельстен шығып кетті, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.
«Қазақстан темір жолы» АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, 1 ақпанда сағат 13.55-те жүк пойызының 12 вагоны жолдан шығып кеткен.
Жолдан шығып кетуіне ресейлік вагон бүйір рамасының сынуы себеп болған. Апат орнында Сарышаған, Шу және Балқаш станцияларының қалпына келтіру пойыздары жұмыс істеуде.
Қазіргі уақытта Жамбыл ЖТ бөлімшесі учаскесіндегі пойыздардың бір жолды қозғалысы қалпына келтірілді. Жамбыл ЖТ бөлімшесінің Мойынты – Сарышаған қос жолды учаскесінің Новалы станциясында бір жолдан пойыздар қозғалысы қалпына келтірілді. Жөндеу жұмыстары жалғасуда.

Апаттың бейнежазбасы Іnstagram-дағы Кris_p_kz парақшасында жарияланды. Видеода тиелген қаптардың да шашылып жатқанын көруге болады. Жұмысшылар «бұны бәрі бидай» деп, темір жолды тазалап жүр.



