Қаржы министрлігі байлыққа салық енгізуді жоспарлап отыр
ҚР Қаржы министрлігінің баспасөз қызметі ұсыныстың егжей-тегжейін ашып, байлық салығын енгізу жоспары туралы айтты, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.
Қаржы министрлігі байлыққа салық салу мәселесі ҚР Ұлттық экономика министрлігі сайтында пысықталатынын түсіндірді.
«Аталмыш салықты салу мәселесі Ұлттық экономика министрлігі сайтында пысықталады. Негізінен, Aston Martin, Bentley, Ferrari, Lamborghini, Maserati сияқты құны жоғары люкс модельді автокөлік құралдарына, оның құнына және шығарылған жылына қарай жоғары салық салу мәселесін қарау ұсынылады. Бұл ретте мұндай автокөліктер бойынша барлық жеңілдік алып тасталуы тиіс», – деп түсіндірді министрліктің баспасөз қызметі өкілдері.
Сондай-ақ, қымбат заттар ретінде республикалық маңызы бар қалаларда, облыс орталықтарында, курорттық аймақтарда орналасқан ұшақтардың жекелеген сыныптарын, яхталарды және жылжымайтын мүлікті қосу жоспарланған.
Сонымен қатар, аумаққа байланысты, мысалы, ауданы 300 шаршы метрден асатын пәтерлер, тұрғын үйлер, 400 шаршы метрден асатын саяжайларға байланысты мүлік салығын арттыру коэффициенттерін енгізу жоспарланады.



