BasNewsЖаңалықтар
Ақтөбе облысында 5 жасар 2 бала өрттен мерт болды
Ақтөбе облысында үй өртеніп, 5 жасар 2 бала мерт болды, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.
Қайғылы оқиға 3 ақпан күні Қобда ауданы Қызылжар ауылында болды. Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, өрттің ауданы 8 шаршы метрді құрады.
«Қызылжар ауылына ең жақын өрт сөндіру қызметі 80 шақырым қашықтықта орналасқан. Оқиға орнына өрт сөндірушілер жеткенше еріктілер жалынның бетін қайтарып үлгерді. Дегенмен үйде 2017 жылы туған егіз бала болған. Екеуі ыстан уланды. Сол уақытта ата-аналары жұмыста болған екен. Болжам бойынша от электр тогының қысқа тұйықталуынан шыққан»,- деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметінен.



